Ғалымдар алдағы жылдары климаттық дағдарыс болатынын айтты

708

0

Климаттық дағдарыстар жөніндегі консультативтік топтың (CCAG) төрағасы Дэвид Кинг ауа райы дағдарысының салдары уақыт өте келе нашарлай түсетініне сенімді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Life басылымына сілтеме жасап.

Ғалым Германияны және оған жақын елдерді су басқаны тосын климаттық жағдайларға апаратын процестің басталғанын айқын білдіретінін атап өтті.

«Біз бұл төтенше ауа райы жағдайларының жиі болатынын әлі де көреміз», – деді ол.

NASA және Гавайи университетінің ғалымдары да осындай пікірде. Олардың сөзінше, ай орбитасында болатын өзгерістер жер бетіндегі су тасқынын рекорд деңгейге жеткізуі мүмкін.

Nature Climate Change журналында жарияланған ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, жаппай су тасқыны 2030 жылдары болуы мүмкін және оның салдары АҚШ-тың жағалаудағы қалаларының инфрақұрылымына орасан зардабын тигізеді. 

Зерттеуде Айдың тербелісі табиғи құбылыс екені атап өтіледі: Жер спутнигінің орбитасы әр 18,6 жыл сайын өзгеріп отырады, бұл жоғары және төменгі толқындар кезеңдеріне әсер етеді. Алайда, мамандардың пікірінше, бұл жолы айдың тербелісі әдеттегіден гөрі алаңдаушылық тудырады. Бұл жаһандық жылынудың салдарынан мұхит деңгейінің көтерілуіне байланысты.

Еске салайық, соңғы күндері Еуропа қатты нөсерден зардап шегіп жатыр. Германияның батыс бөлігінде жаңбыр 14 шілдеде басталды, су тасқынына байланысты ел әскери апат режимін жариялады. 1,3 мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кетті, соңғы мәліметтер бойынша 140-тан аса адам қайтыс болды. Бельгия да су тасқынынан зардап шекті, онда 24 тұрғын қайтыс болды, олардың саны алда артуы мүмкін. Нидерланды мен Франция да нөсер жаңбырдың салдарынан зардап шегеді.

Жаңа Зеландияның екі аймағында 17 шілдеде төтенше жағдай режимі енгізілді. Жүздеген тұрғын эвакуацияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<