Ғимараттар қалпына келтірілуде

780

0

Бүгінде облыста тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен әкімшілік және кәсіпкерлік ғимараттарын қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына тиісті тапсырмалар берілген.

– Күшейтілген жауынгерлік қызметтегі құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскерилер қаңтардың 7-19-ы аралығында 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қала аумағында өртенген көліктер арнайы тұраққа тасымалданды. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан залал келтірілген 9 мемлекеттік әкімшілік мекеме ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Ғимаратты өрт қоқыстарынан тазарту, жарамсыз есік-терезелерді ауыстыру, қабырғаларды ыстан тазарту, қайта сылау жұмыстары  атқарылуда,  деді  облыстық  жұмылдыру  дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев.

Сонымен қатар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімін жасауда. Қызылорда қаласы бойынша 20 кәсіпкерлік субъектісінің арыздары қаралған.

– Нақты кезеңде аталған кәсіпкерлік   нысандардың    шығынын анықтау және арнайы комиссияның қарауына шығару үшін тиісті құжаттар әзірленуде. Алдағы уақытта құжаттарды комиссия қарауына енгізу, шығындарды өтеу жұмыстары үкіметтік комиссияның хаттамасымен бекітілген алгоритм аясында жүргізілетін болады, – деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<