ҮГІТ-НАСИХАТ ҮЗДІКТЕРІ

426

0

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жолдау жолымен білім биігіне» атты саласы қызметкерлері арасында облыстық үгіт-насихат бригадалар байқауы өтті.

Байқау Елбасы Жолдауын, соны­мен қатар «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасын кеңінен насихаттауға арналды.

Байқауда Арал ауданынан «Самға», Қазалы ауданынан «Қорқыт жастары», Қармақшыдан «Руханият», Жалағаш ауданынан «Білім тар­ландары», Сырдария ауданынан «Яксарт», шиелілік «Алтын ғасыр» мен Жаңақорған жастарынан құралған «Бәйтерек», Қызылорда қаласынан «Жаңғыру жаршысы» командалары бақ сынасты. Командалар қойылған талапқа сай жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Байқауға қатысушы топтарға  облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Байназарова,  облыс­тық «Рухани жаңғыру» орта­лығының басшысы Нұрлыбек Мыңжас, Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценті Рабиға Тасбергенқызы және Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы төра­ғасының міндетін атқарушы Марат Серікбайұлы сынды білікті мамандар қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік сценарий» номинациясын «Алтын ғасыр» командасы, «Үздік насихаттаушы» номинациясын – «Қорқыт жастары», «Үздік әуенді ұжым» номинациясын – «Жаңғыру жаршысы», «Жанрлық ерекшелік» номинациясын «Самға» командасы иеленсе, «Ең үздік үгіт бригада» аталымы мен Астана қаласына 3 күндік саяхатты Қармақшы ауданының «Руханият» командасы иеленіп, жеңімпазы атанды. Қатысушы барлық команда мүшелеріне сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

                                                                                                           

Мадияр МАХАМБЕТҰЛЫ,

 Қорқыт ата атындағы

ҚМУ-дың

                        4-ші курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<