Гүлшара Әбдіқалықова қасиетті Қадір түнімен құттықтады

262

0

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сыр жұртшылығын қасиетті Қадір түнімен құттықтады.

«Сіздерді қасиетті Қадір түнімен құттықтаймын!
Бұл түн адамзатқа игілікті насихаттайтын, мейірім мен шапағаттың, сабырлық пен шыдамдылықтың қайнар көзі болған Құран түскен түн.
Қасиетті кештегі игі тілектеріңіз қабыл болсын!
Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік таныта білгеніміздің арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақталды. Сындарлы сәттерде сүрінбей келе жатқан Сыр елінің қажырлы халқы бұл сынақтан да сүрінбей өтеді деп сенемін.
Еліміздің бекем бірлігі мен ырысты ынтымағы сақталып, аспаны бейбіт, жері құнарлы болсын, халқымызға таусылмас несібе берсін!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық-саулық тілеймін!
Қадір түні құтты болсын!», – делінген аймақ басшысының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз