Индонезияда футбол матчы кезінде ойыншы найзағай соғып, қаза тапты

220

0

Фото: ашық дереккөз

Индонезияда «Персикас Субанг» командасының футболшысына жолдастық кездесу кезінде найзағай түсті, деп хабарлайды VoiID басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Оқиға 10 ақпанда болғаны хабарланды. Жарияланған кадрларда спортшы ойын кезінде найзағай соғып құлағанын көруге болады, содан кейін ол есінен танып қалған.

Басылымның хабарына қарағанда, футболшы оқиға салдарынан қаза болған. Алайда билік пен команда өкілдері бұл оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<