Инвестициялық ауқымды жобаларды іске асыру маңызды

265

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың төрағалығымен бейнеселекторлық режим арқылы өткен мәжілістен соң аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында күн тәртібіндегі инвестицияларды қолдау және ынталандыру шараларының тиімділігі мен елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру мәселелері қаралды.

Аудан басшысы инвестиция тартудың экономикаға серпін беретінін, тиісінше салық базасы ұлғайып, тұрғындар жұмыспен қамтылатынын атады. Осыған байланысты салалық орынбасары мен басшыларға инвестициялық ауқымды жобаларды жүзеге асыруды қатаң тапсырды.

Сондай-ақ, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары үнемі назарда болу керектігін ескертті.

Мәжілісте кадрлық өзгерістер таныстырылды. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бұйрығымен Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы лауазымына Нұрлан Нұрсейітов, аудан әкімінің өкімімен аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысы лауазымына Бағдат Есенов тағайындалды. Аудан әкімі жаңа қызметтеріне сәттілік тілеп, ауданның дамуына қызмет ететіндеріне сенім білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<