Экспедиция сапары аяқталды

415

0

«Nur Otan» партиясының қолдауымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ЕлАна» сайты және «Qazaqstan dauiri» газетінің ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Ауыл – ел бесігі» экспедициясы Сыр өңіріндегі сапарын қазан айына жоспарлаған еді.

–    Экспедиция бұл жолы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына қолдау білдіре отырып, еліміздің облыстары мен аудандардың, ауылдардың тұрғындарымен және мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңірдегі ауыл шаруашылық, мәдениет пен өнер, спорт, денсаулық сақтау және т.б. салаларда жеткен жетістіктерді бұқаралық ақпарат құралдарында дәріптеуді, сонымен қатар өзекті мәселелерді анықтап, тиісті министрліктерге жеткізуді мақсат етіп отыр. Көздеген мақсат орындалды, – дейді экспедиция жетекшісі, «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы.

Атап өту керек, 4 күнге созылған іс-шара аясында экспедиция мүшелері облыстың барлық аудандарында болып, аудан әкімдері, жергілікті тұрғындар, халық қалаулылары, жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір»  атты сайлауалды бағдарламасы аясында ауылшаруашылық, кәсіпкерлік салалары бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстарға қанықты. Ауыл тұрғындарымен өткен кездесулерде елдегі қордаланған мәселелер қаңтар айында түрлі  министрлік өкілдері, қоғам белсенділері мен Сенат, Мәжіліс депутаттарының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өтетін дөңгелек үстелде талқыланбақ. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<