Электр энергиясының бағасы Қызылордада 5 облыстан төмен

621

0

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті республика бойынша реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтеріне тұрақты түрде талдау жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының тарифтері орта шамада деп айтуға болады.

Мысалы тұрғындар үшін:

электр энергиясының бағасы бойынша – 6 орында, яғни

5 облыс орталықтарынан төмен (ҚҚС-мен 1 кВт.сағатқа Ақтауда – 17,87 теңге, Алматыда – 17,79 теңге,  Қостанайда – 17,93 теңге, Талдықорғанда – 16,92 теңге, Көкшетаудада – 16,99 теңге),

ал 11 облыс орталығынан жоғары (ҚҚС-мен 1 кВт.сағатқа Түркістанда – 15,29 теңге, Шымкентте – 15,288 теңге, Оралда – 14,24 теңге, Таразда – 13,69 теңге, Петропавлда – 13,25 теңге, Нұр-Сұлтанда – 12,38 теңге, Өскеменде – 11,76 теңге, Қарағандыда – 11,01 теңге, Павлодарда – 11,10 теңге, Ақтөбеде – 9,87 теңге, Атырауда – 5,61 теңге).

жылумен жабдықтау тарифі бойынша  – 16 орында, яғни

11 облыс орталықтарынан төмен болса (ҚҚС-мен 1 шаршы метрге Қостанайда – 161,50 теңге, Атырауда – 155,9теңге, Оралда – 129,14 теңге, Ақтөбеде – 127,54 теңге, Петропавлда -127,02 теңге, Қарағандыда – 115,85 теңге, Шымкентте – 110,78 теңге, Нұр-Сұлтанда – 102,39 теңге, Талдықорғанда – 95,04 теңге, Таразда – 94,20 теңге,  Көкшетауда – 92,65 теңге),

5 облыс орталығынан жоғары (ҚҚС-мен 1 шаршы метрге Алматыда – 90,22 теңге, Павлодарда – 88,41 теңге, Актауда – 78,58 теңге, Өскеменде – 71,15 теңге, Тұркістанда – 60,33 теңге).

салқын судың тарифі, республика бойынша ең төменгісі,

сарқынды суды бұру тарифі бойынша – 11 орында, яғни

10 облыс орталықтарынан төмен болса (ҚҚС-мен 1 текше метрге Қарағандыда – 90,78 теңге, Петропавлда – 74,94 теңге, Көкшетауда – 69,10 теңге, Ақтөбеде – 67,46 теңге, Талдықорғанда – 65,26 теңге, Қостанайда – 61,56 теңге, Актауда – 60,55 теңге, Түркістанда – 57,75 теңге, Өскеменде – 51,24 теңге, Оралда – 50,14 теңге),

6 облыс орталығынан жоғары (ҚҚС-мен 1 текше метрге Нұр-Сұлтанда – 41,52 теңге, Шымкентте – 37,95 теңге, Атырауда – 31,47теңге, Алматыда – 25,76 теңге, Павлодарда – 22,58 теңге, Таразда – 15,56 теңге),

(сумен жабдықтау мен сарқынды суды бұру қызметтерін қосқанда – 15 орында),

Газға келетін болсақ, республикамыздың 12 өңірі қазіргі кезде табиғи газбен қамтамасыз етілген. Біздің газдың бағасы бойынша      7 орындамыз,яғни

      6 өңірден төмен (ҚҚС-мен 1 текше метрге Шымкентте – 31,59 теңге, Түркістанда – 31,58 теңге, Талдықорғанда – 29,36 теңге, Алматыда – 29,36 теңге, Қостанайда – 23,15 теңге, Таразда – 22,81 теңге),

      5 өңірден жоғары(ҚҚС-мен 1 текше метрге Оралда – 17,24 теңге, Ақтөбеде – 10,03 теңге, Өскеменде – 10,02 теңге, Ақтауда – 9,96 теңге, Атырауда – 8,14 теңге).

         Жалпы алғанда, Департамент әрі қарайда табиғи монополия субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері тарифтерінің негізсіз өзгеруіне жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.   

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды

 реттеу комитетінің Қызылорда

 облысы бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<