Кандидаттар мен докторлардың жалақысына қосымша ақы беріледі

295

0

Фото: ашық дереккөз

Жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысатын оқытушылардың, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғалымдардың негізгі жалақысына қосымша ақы төленетін болады. Бұл туралы ғылым туралы заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өткен мәжіліс отырысында мәлім болды. «Қосымша ақы мөлшері ғылыми дәреже мен атаққа байланысты. Мысалы, доцент атағы бар ғылым кандидаттары қосымша 25 АЕК, профессор атағы бар ғылым докторлары 50 АЕК алады», – делінген хабарда.

Сонымен қатар жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін ғалымдарға ғылыми, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-техникалық сипаттағы жұмыстарды аяқтау үшін бір жылға дейінгі еңбек демалысы беріледі. Осы кезеңде ұйымның өз қаражаты есебінен орташа жалақы сақталады.

Қызметкердің кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі болған жағдайда шығармашылық еңбек демалысы он жылда бір рет беріледі. Мұндай демалысты аяқтағаннан кейін ғалымдар осы ұйымда кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<