Карантин: Елімізде 80-нен астам нысанның қызметі уақытша тоқтатылды

468

0

Карантин режимін бұзғаны үшін 80-нен астам нысанның қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Шектеу режимін сақтамауға қатысты фактінің басым бөлігі – карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу. «1 қаңтар мен 5 маусым аралығында мониторинг топтары 97 885 рейд жүргізіп, 603 352 нысанды тексерді.

Аталмыш шаралардың нәтижесінде 16 493 нысанның (2,7%) карантин талаптарын бұзғаны анықталды. Шектеу режимін бұзу оқиғалары негізінен Шығыс Қазақстан (4052), Түркістан (2600), Алматы (1023) облыстарында және Алматы (2264), Шымкент (1743) қалаларында анықталған», делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,4 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,9 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден асады.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<