«Кедергісіз келешек» жобасы аясында әлеуметтік көмек көрсетті

742

0

«AMANAT» партиясы Теміржол филиалының «Жол бөлімшесі» БПҰ мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік қорғалуын оларға жасалған жағдайларды білу, қадағалау мақсатында локомотив пайдалану депосында болды.

Онда өндірістік жарақат алғаннан мүгедектікке шықсада жұмысын жалғастырып отырған әріптестері Болат Қалмахановтың жұмыс орында болып, қаншалықты қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етілгендігін көрді.

Партияның белсенді мүшесі ретінде әр түрлі жағдайда өндірістік жарақат алғаннан мүгедектікте отырғандармен бірге мүгедектікке шықсада жұмысын жалғастырып отырған әріптестеріміздің жағдайларын білу, керек -жарағын анықтау мақсатында бірнеше адамдарды қамтыдық.

Былтыр зейнет жасқа толса да тағы бір жылға жұмыс жасауын создыруын сұраған, бүгінде локомотив бригадаларының резер бастығы қызметін атқарып отырған Болат ағамызға келдік. Бір ата- анадан туылған тағдырдың жазумен жетім қалған 6 баланы өз балаларымен қосып тәрбиелеп отырған әке ретінде жұмыс жасауына мүмкіндік берілген. Әлеуметтік жағдай жасау –негізгі міндет. Ал мүгедектікте отырған әріптестеріміздің жағдайын білу, оларды толғандыратын мәселелерін тыңдау, қолдау көрсетуді парыз деп санаймыз. Осылай көзбен көріп, жағдай білісіп, қаржылай көмек пен сыйлық бердік – дейді Жол бөлімшесінің еңбек қорғау инженері, бастауыш партия ұйымының мүшесі Ғалия Көпжасарова.

Р.S. Болат Қалмаханов темір жол саласында (локомотив депосында) 46 жылдан астам жұмыс жасап келеді. 1981 жылы жұмыс барысында өндірістік жарақат алып, ІІ-ші топ мүгедекке шыққан. Мүгедектігіне байланысты тепловоз машинисінің көмекшісінен нарядчикке ауыстырып жұмысын жалғастыруға депо басшылығы мүмкіндік берген. Кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасалып, бүгінде локомотив бригадаларының резер бастығы қызметінде 29 жылдан бері жұмыс жасауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<