Кипр Қазақстанда елшілік ашуды жоспарлап отыр

311

0

Фото: dcs.aero

Кипр Республикасы Қазақстанда елшілік ашу туралы бастама көтерді. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Кипр Республикасының СІМ басшысы Константинос Комбоспен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мұрат Нұртілеу қазақстандық тарап Қазақстанда Кипр елшілігінің ашылуына қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

– Біз Кипр Республикасының Астанада елшілік ашу бастамасын жоғары бағалаймыз. Қазақстан үкіметі дипломатиялық миссияның ашылуына қолдау көрсетуге дайын. Екі елдің ресми тұлғаларының сапарлармен алмасуы өте маңызды. Бұл – Қазақстан мен Кипрдің саяси қатынастарын жаңа деңгейге көтереді, – деді М.Нұртілеу.

Ол мемлекет басшылары, үкімет, министрліктер мен парламенттер деңгейіндегі делегацияларға жиі барудың барлық шарттары бар екенін жеткізді.

Оның айтуынша, 2023 жылы Қазақстан мен Кипр алғаш рет Сыртқы істер министрліктері деңгейінде саяси консультациялар өткізген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<