Комиссия төрағасы сайланды

650

0

Фото: Облыстық мәслихат

Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІ сессиясы өтті. Карантиндік шектеулерге байланысты бейнеконференция түрінде өткен сессияға  аудандардан сайланған депутаттар онлайн режимде қатысты.

Күн тәртібінде «Қызылорда облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын және төрағаларын сайлау туралы» облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе ұсынылып, талқыланды.

Сессияны ашқан облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов былтыр 30 маусымда еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне, аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына өзгерістер енгізілгенін  айтып өтті. Сондай-ақ өткен жылы кезекті ІХ сессияда облыстық мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттық кестесіне тұрақты комиссиялардың тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағалық лауазымы енгізілгенін еске салып өтті. Осы ретте мәслихат депутаттары облыстық мәслихаттың экономика, қаржы және  жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына депутат Жақыпбаев Талғат Өмірзақұлының кандидатурасын ұсынып, осы саланың тәжірибелі маманы екенін атап өтіп, оның кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді. Ол бұған дейін аталған комиссияның төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарып келген болатын.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<