Коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстан аумағындағы қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін тағайындалған XII жыл сайынғы Қоғамдық Ұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығының ережесі

1075

0

Коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстан аумағындағы қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды  жүзеге асыруға қосқан үлестері  үшін тағайындалған  XII жыл сайынғы Қоғамдық Ұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығының ережесі Жер бетінде адам өмірінен асқан құндылық жоқ. Дүниеде көмекке мұқтаж адамдардың өмірлерін сақтауға және олардың өркендеуіне өз уақыты мен білімін, бар мүмкіншілігін толықтай арнау, адамзат баласының амандығы үшін қызмет ету, тіпті, сол жолда өз өмірін тәуекелге арту – ізгілік атаулының биік шыңы. Қай заманда да өз тағдырын өзгелердің бақыты үшін құрбан ету  қайырымдылықтың ең үздік үлгісі болып есептелген. Жасаған жақсылығың үшін ешбір ақы сұрамай, халықтың алғысына бөлену, жан аямай еңбек ету өзгелер тарапынан зор құрмет туғызатыны ақиқат.
Қазақстандағы қайырымдылық һәм меценаттық дәстүрлерді қолдай, әрі дамыта отырып, «Бауыржан» қайырымдылық қоры жыл сайынғы Қоғамдық Ұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығын тағайындады. Ол жеке тұлғалар, ұйымдар, мекемелердің қоғам дамуына баға жетпес әсерін тигізетін, әлеуметтік маңызы зор іс-шараларын, қайырымдылық майданындағы ізгі ниетті еңбектерін бағалауды көздейді.
Бұл сыйлықтың негізгі мақсаты – дәл қазіргі уақытта, терроризм мен аймақтық қақтығыстар, зорлық-зомбылықты насихаттау  ғасырында, дәстүрлі құндылықтар мен гуманитарлық идеалдардың құнсыздануы заманында барша адамзат баласына қызмет етуді өз өмірінің мұратына айналдырған жандарды табу және олардың еңбектеріне әділ баға беру. Біз бәріміз бір ғаламшарда тұрамыз һәм біздің тағдырымыз да ортақ. Біз өз күшімізді біріктіріп, қорқыту, үркіту, күш көрсету саясатынан бейбіт өмір мен өзара түсіністік ымырасына қол жеткізуге тиіспіз. «Алтын жүрек» сыйлығы Қазақстандағы барлық қайырымды азаматтардың бірігуіне жол ашады деген үміттеміз.

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

•“Baurzhan foundation” жеке  қоры.

 2.  ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕНДЕР

•Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі;
•Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігі;
•Қазақстан Республикасының Байланыс және Ақпарат Министрлігі;
•Алматы қаласының әкімдігі.

  3. СЫЙЛЫҚТЫҢ  МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты:  

Қайырымдылық пен меценаттық  идеясын тарату/насихаттау.
Міндеттері:
Қазақстандағы қайырымдылық шараларының дамуын ынталандыру;
Меценаттық  пен өзара көмектің ұлттық дәстүрлерін қайта жаңғыртуға ықпал ету;
Көпұлтты Қазақстанның руханияты мен мәдениетін дамытуға көпшілік назарын аудару;
Қоғамдық санада бүгінгі күнгі меценат пен қайырымды адамның үлгісін қалыптастыру;
Меценат имиджіне әлеуметтік-мәнді  мәртебе беру;
Меценаттар мен қайырымды жандардың назарын бюджеттік қаржыландыру тапшылығына ұшырап отырған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік және мәдени  бағдарламалар мен жобаларға аудару, аталмыш бағытқа инвестиция тарту.

  4. ҚАТЫСУШЫЛАР

Байқауға Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік іс-әрекетті жүзеге асыратын кез-келген коммерциялық ұйым немесе жеке тұлға қатыса алады. Жүлдеге үміткерді жеке тұлғамен қатар қоғамдық бірлестіктер, заңды тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ мемлекеттік институттар ұсыну мүмкіндігіне ие. Байқауға қатысуға негіздеме ретінде қоғамдық бірлестіктер, барлық деңгейдегі билік органдары, бизнес, БАҚ және жеке тұлға өкілдерінің өтініштері қабылданады.

  5. ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ МЕХАНИЗМІ

5.1.Сыйлықты ұйымдастыру және өткізу шараларына жауапты ретінде төмендегідей кеңестер құрылады:
•Ұйымдастыру комитеті
•Сарапшылық  кеңес
•Қоғамдық  кеңес
5.2.Сыйлыққа үміткерлерді іріктеу қайырымдылық пен меценаттық аясындағы іс-әрекеттерінің әлеуметтік маңыздылығын анықтау принципіне  негізделеді. Сыйлықтың Сарапшылық және Қоғамдық кеңестері  қабылдаған шешімдер негізінде ана мен баланы қорғауға, мүгедектер мен ардагерлерге қамқорлық көрсетуге, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, рухани саланы дамытуға, экологияны жақсартуға бағытталған қайырымдылық іс-шараларды жүргізген азаматтар анықталады.
5.3.Іріктеу екі кезеңнен тұрады. Үміткерлердің арасынан номинациялар бойынша лауреаттар іріктелініп алынады.
5.4.Байқаудың барлық қатысушылары Сарапшылық  және Қоғадық кеңестің шешімдеріне тәуелсіз түрде алғыс хаттармен марапатталады.
5.5.Алғашқы іріктеуді алынған өтініштер негізінде Сыйлықтың Ұйымдастырушы комитеті өткізеді. Тиісті түрде рәсімделген барлық өтініштер Сарапшылық кеңеске жіберіледі.
5.6.Алғашқы іріктеу қорытындыларын салыстырмалы талдау, ұсыныстар мен кеңестер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттарына, бұқаралық ақпараттар құралдарында шыққан мақалаларға жүргізілген талдаулар, әлеуметтік зерттеулер негізінде Сарапшылық  кеңес рейтингілік дауыс беру арқылы номинанттарды анықтайды. Іріктеу қорытындылары Сыйлықтың Қоғамдық  кеңесіне беріледі.
5.7.Марапаттау рәсіміне 10 күн қалғанда Қоғамдық кеңес лауреаттарды жасырын дауыс беру арқылы анықтайды. Марапаттау туралы шешім кандидаттарды жеке-жеке талқылағаннан кейін, көпшіліктің дауыс беру жолымен қабылданады.
5.8.Жеңімпаздарға қойылатын талаптар:
Қайырымдылық пен әлеуметтік маңызы зор жобаларды дамытуға атсалысқан адамдар жеңімпаз атанады. Бағалау бастапқы және негізгі шарттар бойынша жүзеге асырылады.
Бастапқы шарттар:
1.Қазақстан Республикасының аумағында қайырымдылық  және әлеуметтік істі жүзеге асыру;
2.Қоғамның әлеуметтік қорғалмаған тобына көмек көрсету;
3.Номинациялардың сай келуі;
4.Құжаттардың толық болуы;
5.Қайырымдылықты растайтын құжаттардың болуы;
6.Жасалған көмек үшін берілген ұсыныс һәм алғыс хаттары;
7.БАҚ материалдары (2017 ж. қыркүйегінен 2018ж. қыркүйегі аралығындағы материалдар).

Негізгі шарттар:

1.Шешілген мәселе мен көмектің өзектілігі;
2.Өз ықыласы;
3.Қайырымдылық істің жиілігі;
4.Көрсетілген көмек бағыттарының тізімі (кімге, қашан, қандай көлемде жасалды);
5.Ағымдағы жылы (2017 ж. қыркүйегінен 2018 ж. қыркүйегі аралығындағы) қайырымдылық іске  жұмсалған ақша көлемі немесе басқа да ресурстар;

Жеке тұлғаларға қойылатын  қосымша шарттар:
1.Материалдық емес (кәсіби) көмек тізімі.
Заңды тұлғаларға қойылатын қосымша шарттар:
1.Мекеме немесе ұйымда  мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс істеуі;
2.Әлеуметтік әріптестік негізінде ҮЕҰ  және жергілікті бизнеспен жемісті  қарым-қатынас тәжірибесі.
Бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын қосымша шарттар:
1.Әлеуметтік бағыттағы материалдарды жиі жариялау/көрсету;
2.Жарық көрген материалдың қоғамға әсері;
3.Әлеуметтік роликтерді, модуль, макеттерді тегін шығару;
4.ҮЕҰ-мен бірлесе отырып жұмыс жасау;
5.Әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамыту;
6.Аталған ұйымда мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс істеуі.

  6. ЖҮЛДЕЛЕР

6.1.   Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:

1.«Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы – жетім балаларға, балалар үйі мен интернаттарға риясыз көмек көрсеткені үшін;
2.«Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – мемлекетті және жеке білім беру мекемелерін қаржыландыруға қол ұшын созғаны үшін және грант есебінде қаржы бөлгені, жаңа білім беру мекемелерінің құрылысына атсалысқаны үшін, Қазақстан авторларының ғылыми еңбектерін және кітап шығару ісін қолдағаны үшін;
3.«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы – мүгедектер мен мүгедектер ұйымына, мүгедектерді оңалту бойынша жасалған жобаларға әлеуметтік, медициналық және қаржылай көмек көрсеткені үшін;
4.«Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы – спорттық мекемелерді кез келген деңгейдегі және бағыттағы ұйымдарды материалдық және қаржылай қолдағаны үшін, Қазақстан спортшыларын халықаралық жарыстарда қолдап, спорт шараларын ұйымдастырға, өткізуге көмек көрсеткені үшін;
5.«Қарттарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы – зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, өзге аймақтардағы әскери қимылдардың қатысушыларының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асырғаны үшін, сондай-ақ ардагерлер құқығын қорғау және оларға мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін төлеуге қолдау көрсету мақсатында қоғамдық қорлар құрғаны үшін;
6.«Жыл меценаты» номинациясы – мәдениетті қолдағаны және өнер шеберлерін (ақын, жазушы, суретшілер) жебеп жүргені үшін, қоғамдық өмірді жақсартуға, қайта құруға бағытталған аса ірі мәдени-маңызды жобаларды іске асырғаны үшін;
7.«Ақпараттық қолдаушы» номинациясы – БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын, әлеуметтік  мәселелерді көтергені үшін;
8.«Жылдың қайырымды адамы» номинациясы – үлкен көлемдегі  қайырымдылық қызметі  үшін;
9. «Жыл ұйымы» номинациясы  – түрлі бағыттағы үлкен көлемдегі қайырымдылық жобалар мен акцияларды іске асырғаны үшін, қоғамдық маңызды шараларға демеушілік көрсеткені үшін;
10.«Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы – медициналық ұйымдарға материалдық және қаржылай көмек көрсетіп, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасын, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсеткені үшін;
11.«Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы – Қазақстан аумағында материалдық және қаржылай көмек көрсеткен шетелдік азаматтар үшін (тек жеке тұлғаларға арналған).
12. «Қоршаган ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясы – экологиялық мекемелерге материалды және қаржылай көмек, сонымен қатар қоршаған ортаны жақсартуға, экологиялық жобалар мен акцияларға көрсеткен қолдауы үшін.

  7. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ

Қоғамдық кеңес – тұрғылықты жері мен азаматтығына қарамастан, қоғамдық, мемлекеттік, саяси қайраткерлер және ғылым мен  мәдениет майталмандарынан,  ұлттық және халықаралық қоғамдық және коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ сыйлықтың негізгі демеушілері болып табылатын ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.  Қоғамдық  кеңес сарапшылық  кеңес ұсынған үміткерлердің арасынан әр жүлде бойынша бір-бір  жеңімпазды анықтайды. Қоғамдық  кеңестің құрамына сарапшылық кеңеспен қатар  ұйымдастырушы комитет мүшелері де ене алады. Шешім қоғамдық кеңес мүшелері дауыстарының басым бөлігімен қабылданады.
Сарапшылық  кеңестің  құрамы әрқайсысы шешуші дауысқа ие 30 мүшеден тұрады. Сарапшылық кеңестің құрамына коммерциялық емес ұйымдардың, БАҚ-тың, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және коммерциялық ұйымдардың өклілдері енеді. Сарапшылық  кеңес қоғамдық  кеңеске дауыс беруге әр жүлде бойынша үш үміткерден  ұсынады. Шешім сарапшылық кеңес мүшелерінің басым бөлігінің дауысымен қабылданады. Сарапшылық кеңестің төрағасы болып кеңестің бір мүшесі тағайындалады.

  8.  МЕРЗІМДЕР

Тапсырыс қабылдаудың басталуы – 18 сәуір 2018жыл;
Өтініш және қосымшаларды  қабылдау мерзімі – 15 қыркүйек 2018 жыл, сағат 15.00-ге дейін;
Жеңімпаздарды анықтау – 25 қазан 2018 жыл;
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі – 27 қазан 2018 жыл, Алматы қаласы, Абая атындағы МАОБТ.

  9.  ӨТІНІШТЕРДІ ТАПСЫРУ РЕТІ

XI жыл сайынғы Қоғамдық Ұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығының мәлімдеме үлгісін www.altynzhurek.kz,сайтынан, сонымен қатар info@altynzhurek.kz немесе info@baurzhan.kz  e-mail-нан алуға болады. Байқауға тапсырыс  бір дана етіп поштамен 050057 Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 71, 3 кеңсе мекен-жайына, сонымен қатар жоғарыда аталған электронды пошталарға жіберіледі.
Конкурс жайлы ақпаратты мына байланыс телефондарынан алуға болады: 8(727) 315-15-11

  10. ЖҮЛДЕГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН  ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

Жеке тұлғалар үшін:
1)Қатысушының өтініш-анкетасы  (№1 қосымша);
2)Үміткердің қысқаша өмірбаяны (бір бет көлемінде А4 форматтағы қағаз бетіне Times-12 қарібі мен интервал-1 аралығында  компьютерде терілген);
3)Үміткердің жеке суреті (JPEG форматынды);
4)Резюме (№2 қосымша);
5)Қайырымдылық қызметі (бір жыл көліміндегі) әлеуметтік қамтамасыз етілмеген жандарға бағытталған арнайы формадағы (екі бет көлемінде А4 форматтағы қағаз бетіне Times -12 қәрібі мен интервал -1 аралығында  компьютерде терілген) ақпараттық хабарлама;
6)Қайырымдылық қызметті растайтын бухгалтерлік құжаттар (бұйрықтар, төлемдер, есепшот-фактуралар);
7)Қайырымдылық әрекетті растайтын өзге құжаттар (2017 ж. алғыс хаттар, БАҚ материалдары, фотосуреттер);

Заңды тұлғалар үшін:

1)Қатысушының өтініш-анкетасы  (№1 қосымша);
2)Резюме (№2 қосымша);
3)Ұйым логотипі (Corel Draw) және ұйым басшысының суреті (JPEG);
4) Халықтың аз қамсыздандырылған бөлігіне көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметі туралы (бір жыл көлеміндегі) арнайы формадағы (үш бет көлемінде А4 форматтағы қағаз бетіне Times New Roman – 12 қарібі мен интервал – 1 аралығында компьютерде терілген) ақпараттық хабарлама;
5)Қайырымдылық қызметті растайтын бухгалтерлік құжаттар (бұйрықтар, төлемдер).;
6)Қайырымдылық әрекетті растайтын өзге құжаттар (ағымдағы жылдағы алғыс хаттар, БАҚ материалдары, фотосуреттер);
7)Байқау барысында байланыста болатын жауапты тұлға (ата-жөні, индексі көрсетілген пошталық мекен-жайы, телефон/факс, e-mail);
8)Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі.

БАҚ үшiн :

1)Қатысушының өтініш-анкетасы (№1 қосымша);
2)Резюме (№2 қосымша);
3)Ұйым логотипі (Corel Draw) және ұйым басшысының суреті (JPEG);
4) Халықтың аз қамсыздандырылған бөлігіне көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметі туралы (бір жыл көлеміндегі) арнайы формадағы (үш бет көлемінде А4 форматтағы қағаз бетіне Times New Roman – 12 қарібі мен интервал – 1 аралығында компьютерде терілген) ақпараттық хабарлама;
5)Қайырымдылық әрекетті растайтын өзге құжаттар (ағымдағы жылдағы алғыс хаттар, БАҚ материалдары, фотосуреттер);
6)Байқау барысында байланыста болатын жауапты тұлға (ата-жөні, индексі көрсетілген пошталық мекен-жайы, телефон/факс, e-mail);
7)Мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің көшірмесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<