Коммуналдық сала: үздіксіз қызмет көрсетуде

1869

0

Қарбалас шақта коммуналдық сала мамандары халық сұранысына сай тұрақты жұмыс істеп тұр. Бүгінде қала тұрғындарына «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің теңгеріміндегі 112 ұңғыма арқылы тґулігіне 83 мың текше метр ауызсу таратылуда. Таза ґрі сапалы тіршілік нґрі «Қызылжармада» өндіріледі. Ауызсудан басқа қызметтер де үздіксіз көрсетілуде. 

Десек те, карантин кезе­ңін­де кей нысандар күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Өйткені, тозығы жеткен, сапасы сын көтермейтін желілер де бар. Халықтың қажеттілігі бірінші орында. Сондықтан жөндеу жұмыстары да жүйелі қолға алынған. Мәсе­лен, Қызылорда қаласының орталық бөлігі мен «Арай», «Шымбай», «Ақмешіт», «Мерей», «Шұғыла» ықшам аудандары бойынша трансформаторлық қосалқы стан­­­циялар, көп­қабатты тұрғын үйлер ара­сындағы кабель желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүруде. Транс­фор­маторлық қосалқы станциялардан шығатын же­лілер, электр берілісінің әуе желілері, трансформаторлық қосалқы стан­циялар арасындағы әуе желілері жөнделуде. Ал қосалқы станциядағы транс­фор­маторлық ақауларды жоюды оқшаулау, тазалау жұмыстары дер кезінде қолға алынған. «Сая­хат» шағын ауданында жаңадан салынған электр желілеріне абоненттер қосылып жатыр.

– Комсомол, Титов, Гагарин, КБИ, Шанхай ықшам аудандарында 146 шақырым электр желісі жаңғыртылуда. Тағы 8,1 шақырым трансформаторлық қосалқы станцияларалық же­лі­лері жөнделді. Бүгінде электр қуатын тұтынушы абоненттерден тәулігіне 30-дан астам өтінім қабылданып, толығымен қалпына кел­тірі­луде, – дейді сала мамандары.

Тасбөгет кенті де мұндай жұмыстардан тыс қалмайды. Ұзындығы 19 шақырым транс­фор­маторлық қосалқы станциялар арасындағы әуе желілеріне және 5 дана трансформаторлық қосалқы станциялардан шы­ға­тын 15 ша­қырым желіге күр­делі жөндеу жұмыстары жүр­гі­зілуде. Бұған қоса, 3,5 шақы­­рым трансформаторлық қо­салқы станциялардан шы­ға­тын әуе желілері мен 4 дана трансформаторлық қосалқы стан­­ция жөнделді. Тас­бө­гетке қарасты «Сабалақ» саяжайында да сан түрлі жұмыстар қолға алынған.

Қала бойынша ауызсу жүйесіндегі түрлі ақаулар бо­йынша тәулігіне 10-15 шағым, ал кәріз жүйесіндегі ақаулар бойынша 3-5 шағым түседі. Олардың барлығы «Қызылорда су жүйесі» МКК ақауды қалпына келтіру бригадасы арқылы тез арада қалпына келтірілуде. Айта кетейік, қазір «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағ­дарламасы бойынша мекеме теңгеріміндегі нысандарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құ­рылыс-монтаждау 30 процентке орындалған. Аталған бағдарлама бойынша жұ­мыс­сыздар есебінде тұрған 25 адам уақытша жұмыспен қам­тылды.

Жылу жүйесінде де бірқатар шаруа қолға алынды. Қаланың бірнеше аумағында жылу жүйесі құбырлары ауыстырылып жатыр. Тиісті сала басшыларының айтуынша, 1 қазанға дейін барлық жұмыс аяқталып, жылу беру жүйесі сынамадан өтіп, қаһарлы маусымға сақадай сай тұрмақ.

Дәулет ҚЫРДАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<