Коронавирус: Тағы бір вакцина ресми тіркелді

731

0


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тағы бір covid-19 вакцинасын қолдануды мақұлдады. Бұл – ДДҰ мойындаған тоғызыншы препарат.

Шұғыл қолдану үшін Covovax ұсынылады, ол Үндістанда американдық Novavax компаниясының лицензиясы бойынша шығарылады.

«Коронавирустың жаңа нұсқалары пайда болған кезде де, вакцина адамдарды SARS-CoV-2 ауыр асқынуынан және өлімнен қорғайтын тиімді құралдардың бірі болып қала береді», – дейді ДДҰ бас директорының көмекшісі Марианжела Симао.

Covovax-ты шұғыл жағдайда қолданылатын вакцина тізіміне қосу табысы аз елдерде вакцинацияға қолжетімділікті арттыруға көмектеседі.

М. Симао 41 ел әлі де өз халқының 10%-ын вакциналамағанын, ал 98 мемлекет бұл көрсеткішті 40%-ға жеткізбегенін хабарлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<