Күре жол бойындағы жолаушыларға көмек көрсетілуде

201

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Кешелі бері Ақтөбе облысының аумағында ауа райының қолайсыздығы туындап, боран болуына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырымы аралығы толықтай жабылған болатын.

Мұның салдарынан күре жолдың бойындағы қозғалысқа шектеу қойылып, жолаушылар жол бойы қызмет көрсету кешендерінде тұрақтауда.Бүгінгі таңда Қазалы ауданының аумағындағы күре жолдың бойында орналасқан «Мирас», «Арзан 1» кешендерінде 135 жүк көлігі мен 35 жеңіл көлік және 200-ге жуық адам тұрақтауда.

Бүгін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан басшысы Мұхтар Оразбаев жол бойындағы қызмет көрсету кешендеріне арнайы барып, жолда қалған жолаушылардың жағдайын білді.

Кешелі бері «Мирас», «Арзан 1» кешендерінде тұрақтаған жолаушыларға мүмкіндігінше көмек көрсетіліп, арзан азық-түлікпен, дәрі-дәрмек және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде кешендерде азық-түлік қорлары жеткілікті.

Аудан аумағындағы қалған жолаушыларға аудан әкімдігі тарапынан арнайы кезекшілік қойылып, жағдай бақылауға алынған. Сондай-ақ жол полициясы қызметкерлері тарапынан жолаушыларға жолдың жабық екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<