Күзде иммунитетті қалай нығайтуға болады?

309

0

Әр жыл мезгілі ауысқан сайын ол адамға әртүрлі әсер етеді. Мәселен, күз мезгілі кей жандардың көңіл-күйі мен денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сол үшін температураның төмендеуі, күндізгі жарықтың азаюы және ауа ылғалдылығының жоғарылауына дайын болу керек. Әсіресе, иммунитетті нығайтудың маңызы зор.

Күзде адам ағзасына дәрумендер өте қажет. Осы мезгілде адам ағзасы әлсіреп, күзгі хандра күйін кешеді, жұмысқа, оқуға зауқы болмайды. Салдарынан иммунитет әлсірейді.

Иммундық жүйе – адам денсаулығын сыртқы жағымсыз әсерден сақтап, бактерия, микроб, вирус сынды бөтен ағзалар мен инфекцияларға қарсыласатын ағзаның қорғаушы әрекеті. Сондықтан ағзаға пайдалы ас ішіп, қажетті жаттығулар орындау қажет. Олай болса күзде иммунитетті нығайтудың жолдары қандай?https://d-9319838753400252873.ampproject.net/2109102127000/frame.html

 Балғын жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыныңыз. Күз – жеміс пен көкөністің пісетін уақыты. Сондықтан рационды осы табиғи витаминдермен толтырған абзал.

 Құрамында «А, В, С, D, Е» дәрумендері бар жеміс-жидек пен тағамдарды жеңіз.

 Ұйқы және демалыс режимін сақтаңыз.

 Күйзелісті қадағалаңыз

 Жаман әдеттерден және алкоголді ішімдіктерден бас тартыңыз

 Күн райына сәйкес киініңіз

 Таза ауада жиі серуендеңіз

 Үнемі дене жаттығуларын жасаңыз. Шынығыңыз.

 Пәтердегі тазалықты қадағалаңыз.

Дереккөз: Massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз