Мәскеудегі «Крокуста» зардап шеккендер саны 152-ге жетті

295

0

Фото: ТАСС

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің жаңартылған мәліметтері бойынша «Крокус сити холлдағы» теракт салдарынан зардап шеккендер саны 152-ге жетті, деп жазады ТАСС.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам зардап шеккенін хабарлаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.

Еске сала кетсек, 22-ші наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар бебіт тұрғындарға оқ жаудырған.

Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<