Мәжіліс депутаттары Аралда

802

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері өңірдегі барлық аудандарды аралап, көпшілікті толғандырған мәселелермен танысып, халықтың ұсыныс-тілектерін тыңдап, оны шешуді қарастыру, сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылу барысын бақылау мақсатында Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева, депутаттар Ғалым Әміреев, Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских жұмыс сапарының алғашқы күнін Арал ауданынан бастады.


Ең алдымен темір жол үстінен салынатын аспалы автокөлік көпіріне бел­гіленген орындарды көр­ді. Бүгінде оған тех­ни­калық-экономикалық не­гіз­деме әзірленіп, мем­ле­­­кеттік сараптамадан өт­­кі­­зіл­ген. Жоба-сметалық құ­­жат­тамасын дайындауға қаржы бөлу жұмыстары жүр­гізілуде. Одан соң аудандағы апатты деп танылған кітапханалар мен «Жазира» балабақшасының жағдайын көрді.

Атап өтейік, ауданда 3 кітапхана ғимараты апатты жағдайда деп танылып, 200 мың кітап қорына арналған кітапхана құрылысына жобалау-іздестіру жұмыстары жасалып, құжаттарын әзір­леуге тиісті басқармаға өтінім тапсырылған. Ал қала ішіндегі 3 балабақша апатты деп танылғандықтан, басқа ғимаратқа көшірілген.


Депутаттар «Nur Otan» пар­тиясының фракция мүше­лерімен және аудан кәсіп­керлерімен кездесіп, өңір­дегі өзекті мәселелерді тал­қылап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында аудандағы қуаңшылық жағ­дайы, пандемияның кәсіп­керлердің жұмысына кедер­гісі талқыланды.
Мәжіліс төрағасының орын­басары Балайым Кесе­баева аудандық филиал ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабыл­дап, уәждеріне құлақ түрді.

Қабылдауға келген тұрғындар мал шаруа­шы­лығына мемлекет тарапынан берілетін субсидия жөнінен қолдау көрсету, Сексеуіл кентін газдандыру, Арал қаласынан автодрон құ­рылысын салуға қаржы бөлу, жұмысқа орналастыру мәселелерімен жүгінді. Ұсы­ныстарды мұқият тыңдаған Б.Кесебаева айтылған мәсе­лелердің ше­шілу жолдары қарас­тыры­латынын жеткізді.
Халық қалаулылары Қамбаш көлінің қазіргі жағ­­дайымен танысты. Қа­мыстыбас, Бөген, Қара­терең, Жаңақұрылыс елді мекендеріне барып, ауыл халқымен жүздесіп, жер­гілікті жердегі түйткілді мәселелерді тыңдады. Кез­десуде ауыл тұрғындары қуаңшылық, жайылымдық, шабындық жер­лерді суландыру, төрт түлік малға қажетті жем-шөп, жол мәселесі қиындық тудырып отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, ауылға жаңа балабақша, клуб қажеттігі айтылды.
Қуаңшылық бірінші ке­­зе­ктегі мәселе болған­дық­тан, де­путаттар жобалар дайын­дал­ғанына, қажетті қар­жы­ның бөлінуіне ықпал жасап, бақылауда ұстайтынын айтты.


Мәжіліс депутаттары «Бөген-Ақлақ» және «Қа­ратерең-Жаңақұрылыс» авто­жолдарына жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын, «Ақлақ» су тоспасын және «Жалғасбай» балық өңдеу цехының жұмысын көрді.


Мәжіліс депутаттары бас­қа аудандарда да сайлау­шылармен кездесті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<