Мәжіліс депутаты спортшылардың ұсыныстарын тыңдады

323

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев ауданға жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды аралады.Алдымен, Тереңөзек кентіндегі аудандық спорт клубы жұмысымен танысып, аудан әкімі Берік Сәрменбаев бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтты.

Спорт клубта халық қалаулысы спортшылармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сала ардагерлері мен қызметкерлері ұлттық спорт, артспорт, спортшыларды әлеуметтік қолдауға қатысты пікірлерін білдірді. Мәжіліс депутаты ұсыныстар бойынша жұмыстар атқарылатынын айтты.

Мұнан соң Н.Әуесбаев Н.Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулатория және Бесарықтағы бөдене фермасы жұмысымен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<