Майдангерлерге құрмет көрсетілді

692

0

Бүгінде Сыр өңірінде 6 соғыс, 2048 соғыс ардагеріне теңестірілген тыл ардагері бар. Ұлы Жеңісті жақындатқан көзі тірі майдангерлерге жан-жақты қолдаулар көрсетілуде.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аға ұрпаққа қамқорлық көрсету – «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі.

Бүгін қызылордалық аманаттықтар «Тағзым» алаңы маңындағы салтанатты шараға қатысып, кешегі қаһарлы жылдардың қаһармандарына арнап гүл шоқтарын қойды.

Жеңіс күні мерекесі және партияның жобасы аясындағы шара Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтаумен жалғасты. «AMANAT» партиясының облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова мен облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция мүшесі Ержан Ескендер және партияның облыстық филиалы жанындағы «Jastar ruhy»ЖҚ төрағасы Медет Жорабек облыс орталығындағы көзі тірі қарт жауынгерлер  Төлеген Жүнісов пен Әбдірахман Байтіковті мерекемен құттықтап шықты.

Ғасыр ғұмырды еңсерген Төлеген Жүнісов атамыз  1923 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Жаңарық ауылында дүниеге келген. Украинада 688 атқыштар полкінде ұрыста болған. Ол отты жалдарды есіне алып, «бүгінгі ұрпақ бақытты өмір сүрсін. Енді қайтып, соғыс болмасын»-, деп тіледі. Ал майдангер Әбдірахман Байтіков биыл 99 жасқа келеді. Ол 1942 жылы Ашхабад қаласында командирлер дайындайтын курсқа оқуға түсіп, аяқталмастан майданға аттанған. 1943 жылы Курск доғасында ауыр жарақат алып, 2-топ мүгедегі болып, 1944 жылы 20 жасында елге оралған. Қарт жауынгерлер өздеріне деген алғаусыз құрметке ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова 9 мамыр – Отан қорғаудағы өшпес ерліктің, өлшеусіз даңқтың, еңселі елдіктің рухы. Сондықтан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің тарихи ерлігі үшін мақтаныш пен шынайы құрмет көрсететін мереке болып қала беретінін және оларға қолдау білдіру әрқашан «AMANAT» партиясының басты назарында болатындығын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<