Маңызды күнде автоволонтер сайлаушыларға қызмет көрсетті

368

0

Бүгін сырдариялық тұрғындар үшін айрықша күн. Сайлаушылар аудан әкімі болуға үмітті кандидаттардың арасынан өздеріне ұнаған азаматқа дауыс беріп, таңдау жасады.
Сайлау күні аудан тұрғыны Айдос Маханбетияров автоволонтер ретінде жұмыс жасауға ниет білдірген. Ол қариялар мен зейнеткерлерді дауыс беру үй-жайларына дейін апарып тастауды азаматтық парызы санайды.

  • Бәріміз де туған жеріміздің перзентіміз. Жексенбі күні үйде бос отырғанша маңызды күнде үлкен аға-апаларымды учаскелерге апарып, ерікті ретінде қызмет көрсетуді жөн санадым. Меніңше, бұл күнге әрбір азамат өзіндік үлесін қосуы керек деп санаймын,-дейді ол.
    Осы уақыт аралығына дейін ол 24 қарияны тасымалдаған.

Еске салайық, екі аудан бойынша 70 мыңнан аса сайлаушы тіркелген.
Сырдария ауданында 18, Шиеліде 40 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Онда 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<