Марсқа миллион адам жеткізбек

278

0

«SpaceX» корпорациясының басшысы Илон Маск алдағы он жылдықтағы жоспарларымен бөлісті. Кәсіпкердің айтуынша, болашақта Марсқа жылына 100 мың адам жеткізу мүмкіндігі болады екен.

Бұл үшін күніне үш рет ұша алатын және 100 мың тоннаға жүк тасымалдайтын «Starship» ғарыш кемелері қажет. Масктың айтуынша, егер 10 жылда осындай 100 кеме салатын болсақ, онда Қызыл планетаға ұшу арман болмайды. Осылайша, 2050 жылы «SpaceX» басшысы миллионға жуық адамды Марсқа жеткізуді ойластырған. Оның айтуынша, ол планетада жаңа инфрақұрылымда жұмыс орындары болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<