Медиация міндеті – келісімге шақыру

400

0

Қазіргі таңда ел аузында, бұқаралық ақпарат құралдарында «медиация» сөзі жиі айтылады. Тәжірибеге енгізілген алғашқы жылдары бұл атау тосындау болғанымен, қазір көпшілікке түсінікті терминге айналды. Қазіргі уақытта медиацияның тиімділігін сезініп, оның тиімділігі жылдан жылға ратып келеді.

Медиацияның елімізде қанат жаюы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне наза аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы әдістерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған кезеңінен бастау алды. Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында «медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, елімізде дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді.

Медиация – жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай қа, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, қылмыстық теріс қылықтар бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастарда қолданылады.

Медиация институтын дамыту, дауды ретеудің баламалы әдістерін кеңінен қолдануды жетілдіруде атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды жүргізіліп жатыр.

Қорытындылай келе, медиацияның атауы жаңаша болғанымен, түпкі мән-мағынасы ата-бабаларымыз дәстүрлі құқығының негізінде мыңдаған жылдар бойы ұстанып келе жатқан бітімгершілік жолымен үндес. Ал, қазіргі уақытта тараптардың өзара бітімге келіп, істің бейбіт жолмен шешілуінің өзі материалдық тұрғыдан қарағанда оңды және тиімді шешім болатыны талассыз.

     Қызылорда қаласының

     № 2  сотының 

     бас маман сот отырысының хатшысы   Е.А.Есжанов                                        

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<