Медициналық-әлеуметтік сараптама сырттай жүргізіледі

529

0

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті облыстағы департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары 2021 жылдың 15-ші қарашасынан бастап «Мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі проактивті сырттай көрсетіп келеді. Бұл бір жағынан сыбайластықтың алдын алса, екіншіден онсызда тағдырдан теперіш көргендер үшін жақсы мүмкіндік. Бұрынғыдай әр есікті жағалап жүрмей, барлығын тек дәрігердің тағайындауы арқылы жүзеге асырады. Цифрландыру дәуірінің үлкен жемісі деуге болады.

Биылғы жылдың екі айында 497 тұлғаға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 2366 куәландыру санының 21% -ын ғана құрайды. Республикалық көрсеткіш 23,2%, яғни біздің облыс республикалық деңгейден төмен тұрған өңірлер қатарында.

Сырттай куәландыруға пилоттық режимде сырттай куәландыру жүргізілетін тізбекте 12 нозологияға сәйкес келетін диагноздары бар пациенттер жіберіледі (онкологиялық аурулар, туберкулез ауруы, қан айналым жүйесі аурулары, психикалық ауытқуы бар адамдар, балалардың қант диабеті, Дауна ауруы, Лепра ауруы, қан аурулары, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі-диализде жүрген адамдар, ағзалардың трансплантациялау салдарынан кейінгі аурулар, туа біткен анатомиялық кемістіктер және әртүрлі жарақаттың салдары).

Алгоритмге сәйкес, пациенттің медициналық құжаттарын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу медициналық ұйымдарға жүктелген. Медициналық құжаттар топтамасын дәрігерлік консультативтік кеңес ұсынады және осы медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның төрағасы қамтамасыз етеді. Сондықтан ондағы деректердің толықтығына, сапасына, негізділігіне жауапты. Осыған орай, алдағы уақытта да сырттай куәландыру жұмысын жандандыру  үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жұмыс жасай береміз.

Тілеукүл Мырзахметова,

Еңбек және әлеуметтік қорғау

комитетінің Қызылорда облысы бойынша

департаментінің медициналық- әлеуметтік

сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<