Медициналық пойыз Қызылорда облысында

437

0

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Сыр өңіріне жетті. Теміржол үстіндегі емхана қараша айының 3-не дейін қызылордалықтарға төмендегі кесте бойынша медициналық қызмет көрсететін болады.

18-21.10.23 ж. – Сексеуіл,

21-22.10.2023 – Сапақ

22-23.10.2023 – Шөміш

24-26.10.2023 – Белкөл

26-27.10.2023 – Тартоғай

27-29.10.2023 – Бәйгеқұм

29-31.10.2023 – Ақмая

31-02.11.2023 – Екпінді

02-03.11.2023 – Аққұм бекеттеріне тоқтайды.

Айта кетейік, денсаулық керуені Қазақстан бойынша сапарын сәуір айында бастаған болатын. 6 айдың ішінде 100 станцияны аралап, 60 мыңнан аса халыққа көмек көрсетіп үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен жүзеге асыруда.

Қызылорда облысынан кейін медпойыз тағы екі өңір Түркістан мен Жамбыл облыстарына аттанады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<