МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МЕРЕЙЛІ МӘРТЕБЕ

304

0

Қазақстан Республикасы Президен­тінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы мемлекеттік қыз­метке арналған бірінші нормативтік құқықтық акт болды. Ал 1999 жылғы 23 шілдеде қабылданған өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жетіл­діріле түсті. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық жаңа моделі Елбасының 2011 жылғы шілдеде бекіткен тұжы­рымдама негізінде пайда болып, 2013 жылдан жұмыс істей бастады. Ал 2013 жылы 26 наурызда «Мемлекеттік қыз­мет туралы» Заңдағы түбегейлі жаңа өзгерістер қолданысқа енгізілді. 2012 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақс­тан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданып, ол 2013 жылдың 26 наурызынан бастап күшіне енді. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің 3 санаты көзделген. Бұл – саяси мемлекеттік қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкім­­шілік қызметшілері және «Б» кор­пусының мемлекеттік әкімшілік қыз­метшілері.

Мемлекеттік қызмет саласына көп өзгерістер енгізген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзе­ге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»  бағдарламасында айқын көрсетілген.  

Жемқорлыққа қарсы күрес – Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл мәселе Ұлт Жоспарының 13-қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қадамында көрі­ніс тапқан. Сонымен қатар Ұлт Жоспарында мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау  14-қадамда, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу мәселелері 15-қадам­да сипатталған. Елбасының «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасын халыққа насихаттап жеткізу, көрсетілген мін­дет­терді орындау – мемлекеттік қыз­метшілердің  басты міндеттерінің бірі.        

Елбасының «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы санаға сілкініс жасап, құндылықтарымызды қадірлей білуге шақырды. Мақала негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Әр халық,  әр  мемлекет   ғасырлар     бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, праг­ма­тизм, бәсекеге қабілеттілікті арт­­тыру, қоғамдық сананы жаң­ғыр­тудың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет. Мақалада көрсетілген мін­деттерді жүзеге асыруда мемлекеттік қызмет саласындағы азаматтар қосатын үлес көп болмақ.

                  Марат НҰРМАҒАМБЕТОВ,

облыстық орман шаруашылығы

   және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

 басшысының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<