Мемлекеттік қызметті алудың тиімділігі

325

0

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурамен «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларының архивтері шегінде архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді.

Осы стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық органдарымен көрсетіліп келеді.

Яғни құжаттарды қабылдау:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі: құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға және порталға өткізген сәттен бастап –10 (он) күнтізбелік күн; 

құжаттар топтамасын өткізу үшін барынша рұқсат етілетін күту мерзімі – 15 (он бес) минут;

қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілетін мерзім – 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жолданған сұрау салудың қаралу мәртебесі туралы ақпарат, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алатын күнді және алатын орнын көрсете отырып, ақпарат жолданады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақысыз көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мекенжайының орны интернет- ресурста орналасқан: көрсетілетін қызметті беруші: www.pravstat.prokuror.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде; Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz.

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәртебесі және тәртібі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша анықтама қызметінің байланыс нөмір телефоны – 115.

Б.Бисенбаев,

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің

 Қызылорда облысы бойынша Басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты

 қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<