Мерейтойымен құттықтады

432

0

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері, Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» Құбыл Ршымбетовты қабылдап, 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Аудан басшысы туған жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан мерейтой иесіне алғысын айтып, ақ тілегін жаудырды. Мұнан соң ардақты азаматқа «Құттықтау» табыстап, иығына дәстүрге сай қазақтың шапанын жапты. Сондай-ақ Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медалін табыстады.

Өз кезегінде Құбыл Ршымбетұлы аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Айта кетейік, Құбыл Ршымбетұлы 50 жыл бойы медицина саласында қызмет атқарып, төрт жүзден астам қызметкері бар Қазалы теміржол ауруханасының үлкен ұжымын қалтқысыз басқарып келе жатқан білікті маман, мәртебелі мамандық иесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<