МЕРЕКЕ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

340

0

Мемлекеттік қызметші күніне орай аймақта жүгіруден қайырымдылық жарысы өтті. «Алға басу – Движение вперед!» атты шараға мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Шараның  мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметкерлерді спортқа баулу, жарысқа қатысушылардың шеберлігін шыңдау, «Дом» қайырымдылық қорына қолдау көрсету болды. Айтулы жүгіру жарысы бір стартпен, бір күнде, бір уақытта, барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы қалаларында да ұйымдастырылды.    
Жарысқа қатысушылар «Достық үйі» алдынан бастап, «Евразия» СК жанына  дейін жүгіріп, мәреге жетті. Жарыс нәтижесі бойынша әйелдер арасында Перизат Жұбанова (25-31 жас), Марфуға Нұрболатова (32-39 жас), Фарида Айсауытова (40-49 жас), Әлия Абдуманова (50-59 жас) бірінші келсе, ерлер арасында Самат Борашев (25-31 жас), Бақытжан Тәшенов (32-39 жас), Серік Айбосынов (40-49 жас), Александр Ким (60-69 жас) көш бастады. Шара соңында жеңімпаздар марапатталды.
М.ОТАРАЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<