Мұз айдынына балалар көп жиналды

503

0

14-15 қаңтар күндері Мұз айдыны тегін қызмет көрсетті. Бұл іс-шара Halyk Bank-тің 100 жылдығына арналды.

Ғасырлық тарихы бар банк ең алғаш 1923 жылы Ақтөбедегі алғашқы жинақ кассасы ретінде ашылған. Halyk Bank – Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан қаржы институтының бірі.

Жаппай тегін сырғанауға келген балалардың қарасы қалың болды.

Ұйымдастырушылар балалар жағымды атмосфераны сезініп, тоңып қалмас үшін тәттілер мен ыстық шай таратты. Ал көңілді музыка мен аниматорлар бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтерді.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<