Nur Otan Мәжіліс сайлауына кандидаттарды бекітті

298

0

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде партиялық тізіммен Мәжіліс депутаттығына кандидаттар бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды. Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері – 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды. Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%.

Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты. Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды.

Кандидаттардың қатарында Дариға Назарбаева, Үкімет басшысы Асқар Мамин, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есім, мәжілістің қазіргі спикері Нұрлан Нығматуллин сынды танымал азаматтар бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз