Нұрлан Әбдіров сенатор болды

530

0

Нұрлан Әбдіров сенатор болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ол бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенат депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеті тоқтатылды. Ол Сенат төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<