Өнерлі өрендер

610

0

Қалада өткен «Менде жұлдыз боламын» республикалық конкурсына біздің орталықтың «Жас толқын» балалар ән салу үйірмесінің өнерпаздары «вокал» жанры бойынша қатысып өнер көрсетті.
Байқауға қатысқан талапкерлер арасында Гүлнұр Айтбай ІІІ орын, Алишер Еркеш ІІІ орын, Саят Сарманбек І орын, Нұрлан Мирас І орын, Тұмарханым Ихласбек Бас жүлдені иеленді.
Балаларға 2023 Түркия, Москва, Грузия мемлекеттерінде өтетін байқауларға 50, 100 пайыздық жеңілдікпен Жолдама табысталды.
– Сыр елінде талантты балалар өте көп. Үйірмеге жазылып, дәрістерден қалайды. Ата-аналар да баланы қолдап, шығармашылығының шыңдалғанын құп көреді. Біздің міндетіміз – жас таланттарды елге таныту. «Бұлақ көрең -көзін аш» деген дана халқымыз. Балаларды түрлі өнер бәйгелеріне қатыстырамыз. «Бап шаба ма, бақ шаба ма» деген. Әрбір шәкіртке толайым шығармашылық табыс тілеймін, – дейді үйірме жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Бағдагүл Есмурзаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<