Өңір нейрохирургтары күрделі ота жасау әдістерін көбейтуде

582

0

Көпбейінді облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде алғаш инновациялық медициналық технология әдісін қолдана отырып, малоинвазивті микрохирургиялық диск жарығын алу оталары енгізілді.

Қазіргі таңда бұл ота ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап науқастарға жасалуда.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында малоинвазивті микрохирургия әдісімен диск жарығын алу отасы сәтті аяқталды.

Отаға нейрохирургия бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Шынжырбай Оразмаханұлы, дәрігер нейрохирург Әбдіқалықов Алмас Исаұлы, дәрігер нейрохирург Байдүйсенов Нұржан Серікбайұлы, дәрігер нейрохирург Қосбармақов Ануар Нұрланұлы қатысты.

Отадан кейінгі науқастардың жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<