Өңірлік үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті

270

0

Фото: Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлының төрағалығымен өңірлік үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Онда барлық қала мен аудандар бойынша барлық жобалар қаралды. Жиынға облыс және қала, аудан әкімдігінің өкілдері мен салаға жауапты басқарма басшылары, жоба бастамашылары қатысты.

Отырыста сөз алған басқарма басшысы Дінмұхамед Болатұлы Мемлекет басшысының инвестиция тарту жұмыстарының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғанын, тиісінше Республикалық деңгейде инвестициялық штабтың жұмысы күшейтілгенін айтты. Қазіргі таңда аймақта инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатындағы Кеңес құзырына 8 функция енгізіліп, өкілеттілігі кеңейтілді.Ендігі кезекте, өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы әр айдың екінші және төртінші сәрсенбі күндері өтеді. Биылғы жылдың алғашқы отырысында барлық инвестициялық жобаларға ішінара өзектендіру жұмыстары жүргізіліп, кезектілігіне сәйкес тыңдалды. Алдымен, Белкөл кентіндегі құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын цех «Вега-Пром» дейін теміржол тұйығы құрылысының жобасын таныстырды. Кәсіпкер аталған цехке дейін ұзындығы 79,5 м теміржол тұйығының құрылысын жүргізуді сұрады. Ардақ Темірханұлы Қызылорда қаласының әкімдігіне хаттамалық шешімге сәйкес бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өткізуді тапсырды.

Мұнан соң, «Тұрған-тамы» қожалығының балық өңдеу цехы жобасының бастамашысы Әбжан Белесов зум арқылы қосылып, өз мәселесін жеткізді. Кәсіпкер өз кезегінде 600 млн теңге инвестиция тартып, тиісті құрал жабдықтар орнатып, талапқа сай келетін балық өңдеу цехын 1 тамызға дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Облыс әкімінің орынбасары Әбжан Көздібайұлына аталған цехтың межеленген уақытта іске қосылуын қамтамасыз ету үшін тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді. Жобаларды саралаған облыс әкімінің орынбасары жоба бастамашыларына жаңа өнім шығаруға, жобаларды толыққанды іске асыруға қажетті ұсыныстарды енгізіп, жобада көзделген шарттарды әлі де зерделеп шығу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, аудан әкімдеріне инвестициялық жобаларға барынша қолдау көрсету, сүйемелдеу, туындаған қандай да бір мәселені созбаланға салмай дер кезінде оңды шешуін міндеттеді. Жауапты басқармаларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын қарастырып, жобаларды Өңірлік үйлестіру Кеңесінің қарауына ұсынып, Картаға енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқаруды және мемлекеттік қолдау шарасы ретінде тиісті мекемемен бірлесіп жер телімін бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<