Өрт сөндірушілер спорттық сайыста

418

0

Төтенше Жағдайлар Департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде» шағын футболдан өрт сөндіру қызмет бастығының кубогі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шара алғаш ұйымдастырылып отыр.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар арасында өткен спорттық сайыста 8 команда бақ сынады. Турнирдің ашылу салтанатында Қызмет бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н. Ибрагимов қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлердің физикалық тұрғыдан дайындығын шыңдау мақсатын көздеген дода төрт сағатқа созылды. Тартысқа толы теңбіл доп бәсекесінде «№2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі» 1 орынды иеленді. Ал қорғана жүріп, шабуыл жасай білген «аппарат командасы» 2 орынды жеңіп алса, «Жедел-құтқару жасағының» ұжымы 3 орынды иемденді.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<