Өрттен сақтаныңыз!

646

0

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын жылу беру маусымына дайындық кезеңінде адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша түрлі іс-шаралар жүргізеді. Соған қарамастан биылғы жылдың 11 айында облыс аумағында 419 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза болды, 5 адам жарақат алып, 191 млн 655 мың 260 теңге материалдық шығын келді.

Биылғы жылу беру маусымы басталғалы тұрғын үй секторларында 49 өрт оқиғасы тіркеліп, өрт салдарынан 3 адам қаза болып, 1 адам жарақат алды. Тағы 1 адам көмірқышқыл газымен уланып, 3 млн 580 мың теңге  материалдық шығын келді.

Өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында осы жылғы 19 қыркүйегі күні «Өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізу туралы» департамент бастығының №124 бұйрығы бекітіліп, облыс бойынша тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Жылу беру маусымы қарсаңында 152 635 тұрғынды қамти отырып, 38 795 тұрғын үй секторын аралап, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану барысындағы өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсіндірілуде.

Негізінен тұрғын үйдегі өрт оқиғалары орын алуының басты себептерінің бірі – жылыту пештерінің ереже талаптарына сәйкес орналаспауынан және дұрыс қадағаланбауынан. Негізінен талап бойынша пештің моржалары 3 айда бір рет тазартылып отыруы қажет. Пештің түтін өтетін жолдары үйдің негізгі құрылысынан дербес орналастырылуы қажет. Жылыту пешінің алдында еденге көлемі 50х70 сантиметр қаңылтыр қағылады. Жылыту пешін еденнің бетіне орнатуға болмайды.

Уақытша қолдан жасалған темір пештерін орнатқан жағдайда, темір пештерінің аяқтарының биіктігі 0,2 метрден кем болмауы тиіс, еденнің бетіне бірқатар кесек өріліп, батпақпен сыланып, темір пеш орнатылады. Ағаш конструкцияларынан және ағаш жиһаздардан 1 метр қашықтықта, беті сыланған қабырғалардан 0,7 м қашықтықта орнатылуы тиіс. Пешті арнайы маман кісілерге салдырған жөн. Қыстың күніпештің тартпай қалуы немесе айналасынан түтін (от) шығуын болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі талаптарына сай етіп салу қажет. Пеш дұрыс жанбаған немесе айналасынан жалын шашқан жағдайда тездетіп арнайы маманға тексерткен дұрыс.

Құрметті тұрғындар, өрт қауіпсіздігіне салғырт қарамайық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<