Өсімдіктер дүниесі туралы заңнама

85

0

Фото: ашық дереккөз

2-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

3. Орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарының шекараларында орналасқан өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасымен реттеледі.

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары

1. Мыналар:

1) саналуан түрдегі өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету;

2) жабайы өсетін өсімдіктердің табиғи әртүрлілігі мен гендік қорын сақтау, оларды ұтымды пайдалану үшін құқықтық негіздер жасау Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының мақсаттары болып табылады.

2. Мыналар:

1) мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету;

2) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі қызметті ғылыми қамтамасыз ету;

3) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

4) халықаралық ынтымақтастықты дамыту Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының міндеттері болып табылады.

      3. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) қоршаған ортаның орнықтылығын және өмір сүру үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету факторы ретінде өсімдіктер дүниесін сақтаудың жалпы мемлекеттік маңыздылығы мен басымдығын тану;

       2) өсімдік түрлерін, олардың популяциялары мен қауымдастықтарын басым түрде табиғи өсу жағдайында, сондай-ақ олар өсетін жерлерді орнықты сақтау;

      3) өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану;

       4) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлену;

       5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы;

      6) өсімдіктер дүниесінің зияны мен шығындарын өтеу;

      7) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігі және жұртшылықтың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында шешімдер қабылдауға қатысуы.

Өсімдіктер дүниесіне меншік құқығы

      Өсімдіктер дүниесі Қазақстан халқына тиесілі.Мемлекет Қазақстан халқының атынан меншік құқығын жүзеге асырады.Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.

       Жеке меншіктегі жерлерде өсетін өсімдіктерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекеменшік субъектілері пайдалана алады.

2-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР СУБЪЕКТІЛЕРІ

Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы реттеу объектілері

      1. Мыналар:

      1) жабайы өсетін өсімдіктер, олардың популяциялары мен қауымдастықтары, оның ішінде:

      сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген;

      эндемиялық және реликтік;

      дәрілік;

      өзге де өсімдік түрлері;

      2) дайындалған (жиналған) жабайы өсетін өсімдіктер, олардың бөліктері мен дериваттары;

      3) жасыл екпелер;

      4) ботаникалық коллекциялар және өсімдіктердің генетикалық ресурстарының коллекциялары;

       5) өсімдіктер, олардың популяциялары мен қауымдастықтары өсетін жерлер өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы реттеу объектілері (бұдан әрі – реттеу объектілері) болып табылады.

      2. Осы Заңның ережелері:

      1) ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне;

      2) үй жанындағы учаскелерде, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, бақ шаруашылығына, саяжай құрылысына және бау-бақша шаруашылығына арналған учаскелерде өсетін өсімдіктерге қатысты қолданылмайды.

Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері

       Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құқықтық қатынастар субъектілері болып табылады.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

      1. Жеке және заңды тұлғалардың:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және аумақтарды күзетудің ерекше режимі белгіленген мемлекеттік орман қорының учаскелерін қоспағанда, өсімдіктер дүниесі алып жатқан учаскелерге еркін баруға және онда болуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер дүниесін пайдалануға;

      3) осы Заңға сәйкес өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар.

      Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың:

      1) дайындалған (жиналған) өсімдік ресурстарына, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін кірістерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес билік етуге де;

      2) өсімдіктер дүниесін пайдаланушылардың құқықтарын бұзудан не мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудан келтірілген залалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге де құқығы бар.

      2. Жеке және заңды тұлғалар:

      1) жабайы өсетін өсімдіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын жоюға және бүлдіруге, заңсыз жинауға жол бермеуге;

      2) өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларының талаптарын сақтауға және өсімдіктер өсетін жерлерге теріс әсер етуге жол бермеуге;

      3) табиғи өсімдіктер қауымдастықтарының тұтастығын бұзбауға, олардың биологиялық әралуандығының сақталуына ықпал етуге;

      4) өсімдіктер дүниесін пайдалану процесінде өзге табиғи объектілер жай-күйінің нашарлауына жол бермеуге;

      5) өсімдіктер дүниесі алып жатқан учаскелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

      6) өсімдіктер дүниесін пайдалануды жүзеге асыру кезінде өзге тұлғалардың құқықтарын бұзбауға міндетті.

      Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:

      1) жердің, су объектілерінің бекітіліп берілген учаскелерінде өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізуге де;

      2) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес уақтылы енгізуге де міндетті.

      3. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады және олар өзге де міндеттерді атқарады.

 Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құзыреті

      1. Уәкілетті орган:

      1) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      3) өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді бекітеді;

      6) ботаникалық коллекцияларды, өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қалыптастыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      7) жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9) өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дәрілік өсімдіктердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

       11) табиғи өсетін, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жер учаскелерінің меншік иелеріне, жер пайдаланушылар мен су пайдаланушыларға күзетуге беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12) эндемиялық және реликтік өсімдіктердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      13) өсімдік ресурстарының қорларына ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу және оларды пайдалану лимиттерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      14) ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      15) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін әзірлейді;

      16) елді мекендердің жасыл екпелерін жасаудың, күтіп-баптаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      17) жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      18) жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін уәкілетті орган және осы Заң белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.

ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ

 Өсімдіктер дүниесін және өсімдіктер өсетін жерлерді күзету

      1. Өсімдіктер дүниесі және өсімдіктер өсетін жерлер күзетілуге жатады.

      2. Өсімдіктер дүниесін және өсімдіктер өсетін жерлерді күзету:

      1) өсімдік түрлерін, олардың популяциялары мен қауымдастықтарын бүлдірудің немесе жоюдың алдын алу және жолын кесу;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру не оларды кеңейту жоспарланып отырған жер учаскелері шегінде өсімдіктер дүниесінің жай-күйіне теріс әсер ететін шаруашылық қызметті шектей отырып, осы учаскелерді резервке қою;

      3) өсімдіктердің табиғи өсу учаскелерінде, ботаникалық коллекцияларда олардың бағалы түрлерінің гендік қорын, сондай-ақ өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларында осы түрлердің генетикалық материалын сақтау;

      4) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді (жұмыстарды) ұйымдастыру;

      5) жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеуді (тоқтата тұруды) белгілеу;

      6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту;

      7) өсімдіктер дүниесін сақтауды насихаттау, қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру;

      8) өзге де мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

      3. Өсімдіктер дүниесін және өсімдіктер өсетін жерлерді күзету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелеріне, жер пайдаланушылар мен су пайдаланушыларға, өсімдіктер дүниесін пайдаланушыларға жүктелген жағдайларды қоспағанда, өсімдіктер дүниесін және өсімдіктер өсетін жерлерді күзетуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

 Өсімдіктер дүниесін қорғау

      1. Мемлекеттік және жеке меншіктегі жерлерде өсетін өсімдіктер дүниесін қорғау осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында жергілікті атқарушы органдар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар:

      1) карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің, өсімдіктер зиянкестері мен ауруларын қоздырғыштардың бөтен текті және өзге де түрлерінің фитосанитариялық мониторингі, профилактикасы және оларды уақтылы анықтау, қолайсыз факторлардың өсімдіктерге әсерін азайту жөніндегі іс-шараларды орындауды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің, өсімдіктер зиянкестері мен ауруларын қоздырғыштардың бөтен текті және өзге де түрлерінің ошақтарына қарсы олардың тиімділігі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәсілдермен және құралдармен күресуді;

      3) уәкілетті органға және өсімдіктерді қорғау саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдарға карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің, өсімдіктер зиянкестері мен ауруларын қоздырғыштардың бөтен текті және өзге де түрлерінің таралу ошақтарының туындау фактілері туралы уақтылы хабар беруді қамтамасыз етуге міндетті.

 Өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, эндемиялық және реликтік түрлерін күзету

       1. Өсімдік түрлерін өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің санатына жатқызу осы түрлердің табиғи таралу ареалы шекараларында жүргізілетін түгендеу деректері мен ғылыми зерттеулердің және ведомствоаралық ботаникалық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      2. Өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін күзету:

       1) олар өсетін учаскелерді анықтау, зерделеу, ботаникалық коллекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларында сақтау;

      2) олар өсетін учаскелерде арнайы күзет режимін белгілеу;

      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;

      4) осы өсімдіктер өсетін учаскелердің меншік иелері мен пайдаланушыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың сақталуын қамтамасыз етуі арқылы жүзеге асырылады.

      3. Өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде:

       1) мынадай:

      табиғи популяциялар санын қалпына келтіру;

      халықаралық алмасу (халықаралық сауда) мақсатында арнайы жасалған жағдайларда көбейту;

      2) ғылыми зерттеулер, оның ішінде өсімдіктердің коллекцияларын, генетикалық банктерін жасау;

      3) селекция үшін жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың ережелері, қала ормандарын қоспағанда, елді мекендер аумағында жасыл екпелер құрамында отырғызылған және өсіп жатқан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлеріне қолданылмайды.

       4. Эндемиялық және реликтік өсімдіктерді күзету осы Заңның 12-бабының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

ӨСІМДІКТЕРДҮНИЕСІНПАЙДАЛАНУ

Өсімдіктер дүниесін пайдалану түрлері

     1. Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктер дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне жол беріледі:

      1) жалпыға ортақ пайдалану тәртібімен:

      өсімдіктер дүниесін жеке және үй жағдайында қолдану үшін пайдалану;

      өсімдіктер дүниесін ғылыми-зерттеу, оқу, мәдени-ағарту, сауықтыру, рекреациялық, эстетикалық, туристік мақсаттар үшін пайдалану;

      2) арнайы пайдалану тәртібімен:

      өсімдіктер дүниесін мал шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану;

      өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану.

      2. Өсімдіктер дүниесін жалпыға ортақ пайдалану өтеусіз және тиісті рұқсаттарсыз жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төленген және осы Заң мен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында хабарлама жіберілген жағдайда өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану жүзеге асырылады.

 28-бап. Өсімдіктер дүниесін жеке және үй жағдайында қолдану үшін пайдалану

      Жеке тұлғалар, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоспағанда, жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де өсімдік ресурстарын жинау мақсатында өсімдіктер дүниесін жеке және үй жағдайында қолдану үшін пайдалануды жүзеге асырады.

      Жеке тұлғалардың жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де өсімдік ресурстарын жеке және үй жағдайында қолдану үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органының шешімімен бекітілген нормалар шегінде жинауына рұқсат етіледі.

Өсімдіктер дүниесін ғылыми-зерттеу, оқу, мәдени-ағарту, сауықтыру, рекреациялық, эстетикалық және туристік мақсаттар үшін пайдалану

     1. Өсімдіктер дүниесін ғылыми-зерттеу, оқу, мәдени-ағарту, сауықтыру, рекреациялық, эстетикалық және туристік мақсаттар үшін пайдалану жабайы өсетін өсімдіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын алып қою арқылы немесе алып қоймай жүзеге асырылады және бұл өсімдіктер дүниесі мен өсімдіктер өсетін жерлерге теріс әсер етпейтін жағдайларда оған өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларына сәйкес жол беріледі.

      2. Халықтың жаппай демалуы мен туризм үшін пайдаланылатын учаскелерде өсімдіктер дүниесін, табиғи ландшафттарды сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар, су пайдаланушылар белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес осы учаскелерді абаттандыруды қамтамасыз етуге міндетті.

Өсімдіктер дүниесін мал шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану

      1. Жайылым учаскелерінде мал шаруашылығының мұқтаждары үшін өсімдіктер дүниесін пайдалану жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің белгіленген шекті рұқсат етілген нормалары мен жайылым айналымының схемалары ескеріле отырып, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Өсімдіктер дүниесін жемшөп дайындау, шөп шабу мақсатында пайдалану Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтала отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің, су қорының, мемлекеттік орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың осы үшін арнайы бөлінген учаскелерінде жүзеге асырылады.

     3. Өсімдіктер дүниесін балара шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде, мемлекеттік орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде және өзге де жерлерде меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен келісу бойынша жүзеге асырылады.

Өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен лимиттер шегінде жүзеге асырылатын, жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану және қайта өңдеу өнімдерін алу үшін оларды дайындау (жинау) өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану түрлеріне жатқызылады.

      Өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану қатаң белгіленген мерзімде және өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмейтін тәсілдермен жүзеге асырылады.

      2. Фармацевтикалық мұқтаждар үшін жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді дайындау (жинау) олардың популяциялары мен қауымдастықтарының, сондай-ақ олар өсетін жерлердің сақталуын қамтамасыз ету ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Фармацевтикалық мұқтаждар үшін жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді сол бір қопада қайта дайындауға (жинауға) олар толық қалпына келгеннен кейін ғана жол беріледі.

      Бұл ретте дәрілік өсімдіктің түріне және оның географиялық өсу жағдайларына қарай біржылдық өсімдіктердің гүлшоғырларын және басқа да жерүсті органдарын – бір қопада екі жылда бір реттен жиілетпей, көпжылдық өсімдіктердің жерүсті органдарын – төрт – алты жылда бір реттен жиілетпей және олардың жерасты органдарын он екі – жиырма жылда бір реттен жиілетпей дайындауға (жинауға) жол беріледі.

      3. Өсімдік ресурстарын: жемістерді, жидектерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, сондай-ақ тамақ өнімдерін қайта өңдеу және өндіру үшін пайдаланылатын жекелеген өсімдіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын дайындау (жинау) өсімдіктер дүниесін азық-түліктік мұқтаждар үшін пайдалану түрлеріне жатқызылады.

     4. Құрылыс және қаптама материалдарын, малмалар мен бояғыштарды, кәдеге жарату мақсатындағы бұйымдарды, кәдесыйларды өнеркәсіптік өңдеу, өндіру және өзге де мақсаттар үшін пайдаланылатын жабайы өсетін өсімдік ресурстарын дайындау (жинау) өсімдіктер дүниесін техникалық мұқтаждар үшін пайдалану түрлеріне жатқызылады.

      5. Жабайы өсетін өсімдіктердің популяциялары мен қауымдастықтарына антропогендік жүктемені азайту, олардың деградациялануын болғызбау, сондай-ақ қайта өңдеу өндірістерінің қажеттіліктерін тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында осындай өсімдіктерді плантациялық өсіру жүзеге асырылады.

      6. Өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<