Өзекті мәселелер қаралды

743

0

Облыстық филиал жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті.

Күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды. Кеңес мүшелері ең алдымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»,- деп аталатын мақаласын кеңінен талқылады.

Мақала аясында айтылған негізгі мәселелерге қатысты өзіндік ойларын айтып, алдағы атқарылар жұмыстарға қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қызылорда облысындағы туризмді, соның ішінде этно-туризмді дамытудың ағымдағы жай-күйі туралы болатын. Бұл бағытта облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердауси Қожабергеновтің баяндамасын тыңдады. Өңірдегі жоспарланған жұмыстарды пысықтап, нақты ұсыныстарда қосты.

Сондай-ақ, жиында аймақтық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, кеңес құрамына енген жаңа мүшелер таныстырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<