Өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты

476

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайту үшін мүмкіндік мол екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Жол құрылысы бақылауда

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ұлытау облысына сапары кезінде «Жезқазған-Қызылорда» трассасының құрылысына жергілікті компанияларды барынша тартуды тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір «Жезқазған-Қызылорда» автожолын басым бағыт ретінде жасауымыз керек. Оған тиісті қаражат бөлініп жатыр. Биыл алғашқы 65 шақырымы іске қосылуы керек.

Жалпы біз республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жарақтау және салу мәселесін алға қойып, басым бағыт ретінде қаржыландырып жатырмыз», – деді Үкімет басшысы.

Айтуынша, бұл мақсатқа биыл 420 млрд теңгедей қаржы бөлініп, 3,6 мың шақырым жол жөнделеді.

«Соның ішінде «Жезқазған-Қызылорда» жолы бар. Бұл жолды іске қоссақ, жалпы осы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп ойлаймыз. Осы жұмыстарға жергілікті компанияларды барынша тарту керек. Ал «Жезқазған-Қарағанды» жолының мәселесін қосымша пысықтаймыз. Оның да көзін тауып, қолға алуымыз керек», – деді Әлихан Смайылов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<