Онлайн-олжа: Веб-сайт мәтінін оқуға ыңғайлы ететін қосымша

498

0

Әр веб-сайт мәтінінің өз шрифті, көлемі, орналасу реті бар. Оның барлығы бірдей оқырманға ыңғайлы бола бермеуі мүмкін. Мұндайда Reader View (Chrome, Opera) қосымшасы көмекке келеді. 
Браузерге арналған бұл қосымша сайт контенті бір ізге салып, мәтінді оқырман қалауына қарай ыңғайлайды. Reader View көмегімен әріптердің көлемін үлкейтуге, мәтінді Sans Serif/Serif шрифтерімен оқуға, жолдардың ұзындығы мен биіктігін таңдауға және интерфейсті алты түрлі түске өзгертуге болады. Сондай-ақ қосымша сөз санына қарай мәтінді оқуға кететін уақытты есептеп, тіпті дыбыстап беруге дайын. Өкінішке орай қазақ тілі жоқ.
Firefox, Safari және Edge браузеріне оны орнатудың қажеті жоқ, оларда оқуға арналған өз режимі бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<