Орман өрті

533

0

Қызылорда облыс бойынша мемлекеттік орман қоры жерлері 6 509,7 мың гектарды құрайды. Оның ішінде орманды алқаптар 3 103,2 мың га. Осы орманды алқаптардың 54,7 мың гектары өрт қауіптілігі аса жоғары болып саналады.
2017 жылы облыс көлемінде  жалпы көлемі 25,3 гектарды қамтыған 3 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде Қызылорда орман шаруашылығы мекемесінде 2 өрт (көлемі 5,9 га), Жаңақорған орман шаруашылығы мекемесінде 1 өрт (көлемі 19,4 га) оқиғасы орын алған. Жалпы өрт салдарынан 15,3 га орманды алқап отқа оранып, орман ағаштары жойылып кеткен.
Орман өрттері негізінен табиғи (найзағай, күннің күрт ысуы т.б) және адами факторлар (демалыс кезінде алауларды толық өшірмей кету, егіс алқаптарындағы, каналдар мен арықтардағы шөптесін өсімдіктерді бақылаусыз отпен тазарту кезінде, т.б.) әсерінен орын алады.
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, 2018 жылдың 23 ақпанында, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 12.02.2018 жылғы № 17-1/36 бұйрығының 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері, облыс көлеміндегі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы басшыларының қатысуымен 2018 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында орман өрттерінің алдын алу, өрттерді болдырмау мақсатында атқарылатын негізгі жұмыстар талқыланып, жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруды, өрт қаупі бар маусымдарда орман өрттерінің алдын алу тақырыбында БАҚ-да жариялымдар, мақалалар жариялау, жергілікті телеарналардан үнемі бейнероликтер көрсетіп отыру тапсырылды.
Дегенмен де, мемлекеттік орман қоры учаскелеріне жақын орналасқан, елді мекендер тұрғындарынан, шаруашылық субъектілері мен шаруа, фермер қожалықтары басшыларынан егін алқаптары мен егістік жерлерді, каналдар мен арықтарды  шөптесін өсімдіктерді тазарту кезінде отқа абай болып, оны қатаң бақылауда ұстау, табиғат аясындағы демалыс кезінде алауларды бақылаусыз қалдырмау, оны демалыс аяқталған соң мұқият сөндіру және орманды алқаптарда өрт оқиғалары байқалған жағдайда сол жерге жақын орман шаруашылығы қызметкерлеріне хабарлау сұралады.

 

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы 

және жануарлар дүниесі аумақтық 

инспекциясы бас маманы                                                                              Р. Бурабаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<