Қозғалыстың жас инспекторлары

278

0

Қызылорда қаласындағы Ә.Мүсілім­ұлы атындағы №101 мектеп-ли­­­цейінде «Қозғалыстың жас инс­­пек­торы» атты дәстүрлі сайыс өткізілді. Жас инспекторлардың облыстық ХVІІІ слетіне аудандарда бақ сынасып, оза шапқан  мектеп оқушылары  қатысты.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақзира Қасымова слеттің ашылуында сөз  сөйлеп, білімді балаларға ақ жол тіледі. Сегіз топтан құралған, 12-14 жас аралығындағы жас инспекторлар сегіз сайыс бойынша сынға түсті.

Жарыста жан-жақтылық танытып, тапсырманы мүлтіксіз орындаған Ә.Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінің «Жас ұлан» тобы І орынды иеленді. ІІ орынды Арал ауданы Т.Шевченко атындағы №13 мектеп оқушыларынан құралған топ иеленсе, жүлделі ІІІ орын Қармақшы ауданы, Төретам ауылынан келген №279 орта мектеп оқушыларына бұйырды.

Маржан НҰРХАНҚЫЗЫ,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<