«Парасат жолы» жас мемлекеттік қызметшілердің облыстық слеті өтті

312

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жас мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзін дамытуға жағдай жасау, ынтымақтастық пен іскерлік қарым-қатынысты дамыту мақсатында облыс әкімдігінде «Парасат жолы» жас мемлекеттік қызметшілердің облыстық слеті өтті.

Слеттің пленарлық отырысында Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, аймақта жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау бағытындағы жұмыстарды жеткізді.«Келер жылы аймақта жүзеге асырылатын өңірлік кадр резервін қалыптастыру комиссиясының жұмыс нәтижесімен өңіріміздегі жас мемлекеттік қызметшілер қатары білімді және сапалы кадрлармен толығады деп сенемін», – деді Ш. Байманов.

Сондай-ақ, шараға ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы ЕрлегенМендалиев қатысып, жас мемлекеттік қызметшілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

«Сыр болашағы» Қызылорда облысы бойынша жас мемлекеттік қызметшілер клубының жетекшісі Бақытбек Шайкамалов клуб қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды жеткізді.

Шара барысында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырып, облыс тұрғындарына қалтқысыз қызмет етуге қосқан үлесі үшін бірқатар жас мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының Алғысымен марапатталды.

Слетке облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ, орталық атқарушы органдарың жергілікті жердегі филиалдарында жұмыс жасайтын барлығы 100 жас мемлекеттік қызметші қатысты.

Айта кету керек, слет 2023 жылғы 28-29 қарашаға жоспарланған. Слет жұмысы 29 қараша күні киелі орындармен танысу (Шиелі ауданы «Оқшы Ата» кесенесі, Жаңақорған ауданы «Сығанақ» тарихи қалашығы), тимбилдинг және экологиялық акциямен қорытындыланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<