ПАРТИЯ ЖАҢА БЕЛЕСТЕ

569

0

Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясы өткізілді. Конференцияны аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, жүргізіп отырды. 
Конференцияның күн тәртібіне үш мәселе: «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жаңа міндеттері туралы», «Нұр Отан». «Нұрлы болашақ жолында!» Партияның Саяси доктринасы туралы» және партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХІV конференциясына делегаттар сайлау туралы» мәселелер ұсынылып қаралды. Алғашқы екі мәселе бойынша Шиелі аудандық партия төрағасы, аудан әкімі М.Ергешбаев хабарлама жасады. «Қазақстан-2050» стратегиясының жаңа саяси бағытын іске асыру жағдайында партияның жаңа саяси доктринасы маңызды құжат болып табылады, – деді өз сөзінде Мұрат Нәлқожаұлы. – Өйткені ол партия дамуының жаңа белестерін ашып, идеялық-танымдық және құндылық бағыт-бағдарын айқындайды. 
Жиын барысында мандат комиссиясының төрағасы, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп директоры Болат Сейлханов хабарлама жасаса, №6 кен басқармасы бастауыш ұйымының саяси бюро мүшесі, сол мекемедегі әлеуметпен жұмыс жасау бөлімінің қызметкері Серік Мүліков, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесі Ғалым Әбдіреевтер жарыссөзге шықты. Сонымен бірге Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХІV конференциясына делегаттар сайланды. 
Конференция жұмысына қатысқан облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Тілеуберген Шәутай өз сөзінде елдегі жарқын жұмыстарды айтумен бірге, бүгінгі күн тәртібіне қойылып отырған доктринаның мақсаты, еліміздің гүденуі, тұрақты тәуелсіздігіміз, Елбасының еңбегінен тиянақ табатындығын күнбе-күн жеткізуден жалықпауымыз керек. Бұл біздің Ұлы Отанымыздың биік мұраттары, – деді ол. 
Партияның аудандық филиалы конференциясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды. 
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<