Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі

361

0

Фото: Өрлеу Қызылорда

Бүгінгі аңда еліміздің барлық өңірлерінде педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі қызу талқылануда. Сырбойылық педагогтер қауымы жаңа ереженің ерекшеліктерімен танысып, өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіруде.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты жаңа ережені педагогтерге түсіндіруде арнайы жоспар құрып, көптеген жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, қалалық және аудандық білім бөлімдері, мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру, қосымша білім беру ұйымдары, арнайы мектеп-интернаттар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, аталған білім беру ұйымдары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Жаңа ережедегі педагогтердің еңбегін бағалауда әлеуметтік әділдік пен академиялық адалдық принциптері аясында атқарылатынын байқауға болады. Мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму факторы, білім алушылардың жетістіктері арқылы педагогтердің қызметін объективті бағалау жүйесі орнайды.

Білім беру ұйымдарында сабақ оқыту әдістемесін меңгерудің негізгі көрсеткіші болып табылады. Педагогтерді аттестаттаудың басты бағыты шебер ұстаз табысты оқушыны тәрбиелеп шығаруы тиіс.
Қазіргі кезеңде педагогтарға шектеусіз құзыреттіліктер берілген.

Шығармашылықпен жұмыс жасауға мол мүмкіндіктер бар. Сол мүмкіндіктерді пайдаланып, еліміздің келешегі үшін еңбек етіп, жан-жақты дамыған, бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің басты міндеті болып қала бермек.

Сәкен СЕРІКБАЕВ,
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы
директорының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<