Педагогтің кәсібилігі және үздіксіз кәсіби дамуы

975

0

Жыл сайын елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін ҚР педагогтерінің тамыз конференциясы аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен 5 тамыз күні «Педагогтің кәсібилігі және үздіксіз кәсіби дамуы» атты секциялық отырыс өтті.

Секция жұмысына ҚР БҒМ өкілдері, ЖОО ректорлары, өңірлік, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары, «НЗМ» ДББҰ ПШО өкілдері қатысты. Сыр өңірінен Ақзира Қасымова, Бейбіткүл Каримова, Қуаныш Дәуренбеков, филиал оқытушылары, университет оқытушылары белсене қатысты.

Секция отырысына шақырылған қонақтар – Еуропалық білім беру қорының сарапшысы Джулиан Стэнли қатысушыларды мұғалімнің кәсіби дамуының ең жақсы тәсілдері бойынша заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырды. Азия-Тынық мұхит аймағы елдері бойынша UNESCO есебінің Қазақстан туралы тарауының авторлары Элейн Шарплин, Гүлмира Қанай, Алима Ибрашевамұғалімнің кәсіби біліктілігін арттырудың үздіксіз мәселелері мен ұсыныстарын талқылады.

Іс-шара барысында қатысушыларқазақстандық білім беру сапасын көтеру барысындағы мектепке дейінгі ұйымдардан бастап ЖОО дейінгі педагогтің кәсіби білігі мен үздіксіз кәсіби даму мәселесімен, атап айтқанда педагогтің кәсіби дамуындағы алдыңғы қатарлы заманауи ғылыми зерттеу нәтижелерімен танысты.ЖОО педагогінің кәсіби даму мүмкіндіктері мен траекториясы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңғыртуға қойылатын талаптар аясындағы педагогтердің кәсіби дамуының бағыттары, нысандары мен әдістері, сондай-ақ педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай жасаудағы мектептің тәжірибесі ұсынылды.

Секция жұмысы барысында Біліктілікті арттыру жүйесіндегі жағымды жаңалық және Қазақстан үшін маңызды оқиға UNESCO есебінде алғаш рет біліктілікті арттыру жүйесіне жасалған халықаралық деңгейдегі талдау нәтижелерімен танысып, педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы бойынша пікірлер мен ұсыныстар талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<