Президент мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, жылы лебізін білдірді

243

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі (Twitter) парақшасында мемлекеттік қызметші күніне арналған пост жариялады, деп хабарлайды NUR.KZ. «Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын!» – деп жазды президент X парақшасында. ҚР мемлекеттік органдарының бірыңғай платформасында 23 маусым – әлемнің барлық мемлекеттік қызметшілері үшін бірыңғай кәсіби мереке екендігі көрсетілген. 2002 жылдың 20 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57 сессиясы 23 маусымда БҰҰ Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы резолюция қабылдады және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді осы күнді әрбір елде анықтауға шақырды. 2013 жылы Президенттің Жарлығымен Қазақстанда бұл күн мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді. Осылайша, кәсіби мереке 90 мыңнан астам қазақстандық, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<